• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2019

Қарағанды облысының әкімі өз таңдауын жасады

592 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов кеншілер астанасындағы Ғ.Мұстафин атындағы №83 орта мектепте орналасқан №53 сайлау учаскесінде дауыс берді. Маңызды шараға өңір басшысы жұбайымен және қызымен бірге келді.

– Қызым Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Бірақ ата-анасымен бірге дауыс беру үшін ол елордадан есептен шығару талонын алып келді. Мен тұрақты және гүлденген Қазақстан үшін және ең бастысы – балалардың болашағы үшін таңдау жасадым. Менің 7 айлық кішкентай немерем бар. Оның бақытты елде өмір сүруі үшін және болашағы үшін де дауыс бердім деп ойлаймын, – деді Ерлан Қошанов.

Осы жерде облыс әкімі жерлестерін атақты боксшы Геннадий Головкиннің бүгінгі тамаша жеңісімен құттықтады.

– Көптеген қазақстандықтар сияқты жекпе-жекті мен де тікелей эфирден тамашаладым. Twitter-де құттықтау жазып, Геннадийдің анасы Елизавета Сергеевнаны құттықтадым, – деді ол.

Аталған сайлау учаскесі таңертеңнен бастап белсенді тірлік пен мерекелік көңіл-күйге бөленген. Аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, тіркелген 2855 сайлаушының 20 проценті таңғы сағат 10.00-ге дейін дауыс беріпті. Сайлаушылардың көбі жастар. Олар үшін бұл - алғашқы сайлау. Көптеген адам дауыс беруге отбасымен, кішкентай балаларымен келді. 

Қарағанды облысында 787 сайлау учаскесі жұмыс істейді. ҚР Президентін сайлау барысын өңірде 40-тан астам халықаралық байқаушы қадағалайды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сай, таңғы сағат 10.00-де облыс бойынша сайлаушылардың келуі 10,1 процентті құраған. 

Қарағанды облысы