• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2019

Кәсіпкер туған ауылына дәрігерлік пункт салып берді

388 рет
көрсетілді

Ақжар ауданының тумасы Қасымжан Ташметов туған ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашуға демеушілік көмек көрсетті.

Қасымжан Ташметов пен тоғыз бауырының балалық шағы Май ауылында өткен. Алайда  елді мекеннің үшжүзден астам тұрғыны бас ауырып, балтыр сыздай қалса, аудан орталығына қарай шапқылайтын. Фельдшерлік-акушерлік пункттің болмауының зарын әбден тартқан еді.

Қ. Құрманбаев атындағы туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы  Қасымжан Қалижанұлы Көкшетау қаласында тұрса да, туған жер төсіне ат басын жиі бұрып, қарайласып тұрады. Ол жұртшылыққа берген уәдесінде тұрды. Екі миллион теңге жеке қаражатына  иесіз қалған үйді  жөндетіп, фельдшерлік-акушерлік пункт ретінде  тұрғызып берді.

Медициналық пункт жайлы әрі кең. Терапевт, педиатр, ем-дом кабинеттері бар. Білікті маман қызмет көрсетеді.

 «Қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті. Электрокардиограмма аппараты, тонометр, небулайзер қойылған. Интернет желісі жұмыс істейді», дейді медициналық орталықтың мейірбикесі Жанаргүл Құсайынова.