• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2019

Жалған нөмірлі автокөліктер анықталды

398 рет
көрсетілді

Кез келген меншіктегі авто­көлік нөмір­леріне «мемлекеттік» деген анық­тама қосы­лып айтылады. Елімізде автокөлік құралдары иелеріне мемлекеттік тіркеу белгілері бар нөмірлердің дубликаттарын, яғни түпнұсқа мен заң күші бірдей құжаттың екінші данасын беру өкілеттілігі ішкі істер органдарының құзырына кіреді. Соған қарамастан Ақ­төбеде дәл осындай дубликаттарды жеке тұлғалардың жасау деректері белгілі болды.

Бұл ту­ралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Мем­лекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қи­мыл агент­тігінің Ақтөбе облысы бойын­ша департаментінің бас маманы Алмаз Ғил­манов жеткізді.

Жалған автокөлік нөмірле­рінің пай­да болуына түрткі бол­ған кімдер? Мәсе­ленің мәні­сін байыптай келгенде, гәп төмен­дегідей болып шықты. Яғни, жы­мысқы әре­кетті жасауға бел бу­ғандар ақы­сыз интернет көз­деріне жарнамалар беру арқылы өз қызметтерін ашықтан-ашық ұсы­нады. Нәтижесінде, жалған нөмір сатушылардың қызметін пайдалануға мүдделілік танытушылар бой көтере бастапты. Жасырын жүргізушінің, бір сөзбен айтқанда өзге авто­көліктің жол-қозғалыс ере­же­сін сақтамай, емін-еркін жүре беруіне жағдай жасалатын кө­рінеді.

Сондай-ақ жалған нөмір жағдайында жол-көлік қоз­ғалысын бұзғандардың бей­не­ка­мераға түсіп қалатын ке­зінде айып­пұл төлемеуіне таптырмас мүмкіндік тумақ. Бұған қы­зы­ғушылықтың басты сыры да осында. Қазір автокөліктің арт­қы және ал­дыңғы жағындағы жал­ған нөмірлердің бағасы 7000 тең­генің үстінде екені де бел­гілі болып отыр. Сырт көзге нағыз мемлекеттік нөмірден айырмашылығы жоқ десе де болады. Мұндай жағдайда жалған нөмірді бірден анықтау да оңайға түсе қоймайтыны мәлім. Оның анық-қанығы қазіргі кезде Ақтөбеде жол-кө­лік ережесі бұзылып, оны әкімшілік полиция қызметкер­лері мәліметтер базасынан тексерген кезде ға­на анықталуда. Рас, әзірге об­лыс орталығында жалған нө­мір­ді пайдалану деректері айтар­лық­тай көп деуге болмайды. Әзір­ге көзге көрінбей, байқалмай жүрген жалған нөмір иелері және оны жасаушылар қанша екені белгісіз күйінде қалып отыр.

Мемлекеттік қызмет істе­рі және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­­тігі­нің Ақтөбе облысы бойын­ша­ депар­таменті жал­­ған мем­лекеттік нө­мір жасау­­шы­ларды анықтау үшін Ақ­­төбе облыстық полиция депар­т­аментіне ұсыныс хат түсірді.

 

Ақтөбе