Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, Мемлекет басшысы қызметіне кірісті.
Ұлықтау рәсімінде жаңа Президент "Маған қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Барлық саяси күш қатысқан әділ дода болды. Сайлау демократиялы түрде әділ өтті. Бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі. Біз бір ел болып, халық болып Қазақстанның даму жолын бірге айқындадық. 9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі маңызды. Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің парызым. Ашық және әділ жұмыс істеймін. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Халқымыздың болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз" деді Президент.