• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Президент 12 Маусым, 2019

Әрбір үйде ауыз су болуы керек - Қ. Тоқаев

425 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда жаңа сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті.

«Сайлау алды үгіт-насихат жұмысы барысында еліміздің түкпір-түкпірінде болдым. Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. Белсенділік танытқан барша азаматқа алғыс білдіремін. 5000-нан көп ұсыныс түсті. Нақты айтатын болсақ, азаматтар әділдікті қалайды. Халықты толғандырған басты мәселе – табыс көзінің төмендеуі. Теңгенің девальвациясы халықты аландатады. Осындай әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселелерді шешу қажет» деді Қ.Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Сондықтан ел Президенті мынадай мәселелерді шешу қажеттілігіне тоқталды.

«Алғашқы мәселе -  тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, жол мәселесін, ауыз су мәселесін реттеу. Әрбір үйде ауыз су болуы керек. Екінші жұмыс – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жалғастырамыз» деді ел Президенті Қ.Тоқаев