Аңызға айналған жарыс жүргізушісі Кайл Буш 41 жасында көз жұмды. Спортшы кенеттен болған ауыр сырқаттан қайтыс болған. Оның нақты диагнозы әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кайл Буш NASCAR тарихындағы нағыз аңыз саналды. Ол ұлттық үш серия бойынша рекордтық жеңіске жетіп, Cup Series чемпионатында екі мәрте топ жарған. Әріптестері оны автоспортқа қосқан үлесін бағалау мүмкін емес ерекше талант деп атайды.
20 жылдан астам уақытқа созылған мансабында жарыс жүргізушісі тек жоғары нәтижелерімен ғана емес, қайсар мінезімен де есте қалды. Кайлдың артында жұбайы Саманта және екі баласы қалды. Автожарыс әлемі өз буынының ең талантты пилоттарының бірінен айырылып, қара жамылып отыр.
Еске салайық, Мәскеу түбіндегі Звенигород қаласында кезінде еліміздің бірнеше футбол клубында атой салған ресейлік қорғаушы Лайонел Адамстың мәйіті табылды.