• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2019

Қ. Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

222 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жауапты әрі жоғары мемлекеттік лауазымына табыс тіледі.

Тараптар Қазақстан мен Түрікменстанның тату көрші және халықтар достығына негізделген стратегиялық әріптестігі одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, көшбасшылар аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.