• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2019

Президент Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

514 рет
көрсетілді

Қатар басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президент сайлауындағы айқын жеңісімен және Президентті ұлықтау рәсімінің сәтті өтуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары қызметі қазақ халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Қатар Әміріне құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, екіжақты ықпалдастықты одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Телефон арқылы сөйлесуге қатар тарапы бастамашы болды.