Бүгінгі күні осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының медициналық ұйымдарынан қызмет алып жүрген 25 мыңнан аса қазақстандық тіркелді. Ақай, Төретам елді мекендеріндегі халыққа мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімділігін арттыру мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы елді - мекендерде орналасқан медициналық ұйымдар Байқоңыр қаласындағы облыстық медицина орталығының филиалының құрамына берілді.
Амбулаториялық деңгейде берілетін тегін дәрі–дәрмектерге Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2018 жылға бөлінген қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 6 млрд 431 млн теңгеге жетті.
Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 32 медициналық ұйымдарға медициналық ақпараттық жүйелер енгізіліп, көрсеткіш 100% жеткізілді.