14 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%
Күндіз 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Петропавлда 14 маусым күні күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %
14 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %
15 - 17 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы, 15-16 маусымда Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында жаңбыр болуы мүмкін, кей жерлерде қатты, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі.