Симпозиумның мақсаты - талантты жастарға қолдау көрсету, бейнелеу өнері саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер мен талантты жас қылқалам шеберлерінің басын қосып, көркемсурет саласы бойынша пікірлесу, өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру болып табылады.
Симпозиум барысында облыс орталығындағы Көркемсурет галереясына Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Айтбаевтың есімі берілген.
Халықаралық симпозиумға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерімен қатар, республикаға танымал қылқалам шеберлері мен жергілікті белгілі суретшілер мен жастар қатысты.
Симпозиум жұмысы Қорқыт атаның жай тапқан жері – Қармақшы топырағынан басталып, Қамбаш көлінде жалғасын тауып, Қызылорда қаласында қорытындыланады деп жоспарланып отыр.
Симпозиум қорытындысы бойынша 25 маусымда Көркемсурет галереясында көрме ұйымдастырылады.