• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2019

Рецептісіз сатылған дәрі-дәрмек көлемі артуда

394 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет Үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков дәрі-дәрмектерді таңбалауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Комитет басшысының орын­­басары атап өткендей, дәрі-дәрмектерді QR-код­пен таң­балау туралы шешім қанат­қақты жобаның қоры­тындысы бо­йынша қабылданатын болады.

−Дәрі-дәрмектерді таңбалау бо­йынша Еуроодақ аясында бұл туралы келісімге қол қойылған. Біз осы сала­дағы қауымдастықтармен, «Ата­мекен» ҰКП-мен кеңесе отырып, дәрілік заттарды осылай таңбалаудың қажеттілі­гін мақұлдап отырмыз. Қазір қа­нат­қақ­ты жобаны іске асыра бас­тадық, – деді Н.Асылбеков.

Айта кетерлігі, дәрі-дәр­мектерді QR-кодпен таңбалауды Ресей 2020 жылы енгізуді жос­парлап отыр, онда мұн­дай қанатқақты жоба үш жыл бойы жүргізілген. Ал Қазақстанда әзір­ге оны іске асыруда туындап отырған бірқатар мәселе бар.

− Оның қатарына дәрі-дәр­мектердің қымбаттауын, отан­дық дәрі-дәрмек өндіру­шілердің таңбалайтын жабдық­тар­­ды сатып алу қажеттігін жатқызуға бо­ла­ды. Біз қазір мұның бәрі бірден іске асады деп айта алмаймыз, – деп нақ­ты­лады комитет төрағасының орынбасары.

Дәрілік затқа QR-код тір­кеудің өзін­дік артық­шы­лықтары бар. Алдымен дәріні өндіру­шіден дистрибьюторға, одан дәріханаға дейін жеткі­зілуін қадағалап отыруға мүм­кіндік туады.

−Жалған дәрілер жасау, конт­рафак­тілік оқиғалар, дәрі-дәрмектерді есепке алу – бұл жұмыстардың барлығын осы арқылы қамтитын бола­мыз. Қоймадағы кепілдік көмек ар­қылы берілетін тегін дәрі­лер­дің қанша көлемі бар еке­нін, оны бір аумақтан екінші аумақ­­қа жіберілуін де дәрілерді таң­­балаудың көмегімен қада­ға­лайтын боламыз, − деді Н.Асылбеков. Оның айтуынша, дәрілерді таңбалау, ең бастысы, жалған дәрі жасауды болдырмайды және дәрілердің сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Еліміздегі дәріханаларда дәрі-дәрмек­тердің рецептісіз сатылуына қатысты Денсаулық сақтау министр­лігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер­дің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 2017 жылы 50 дерек тіркесе, 2018 жылы мұндай деректер екі есеге дейін артып, 90-ға жеткен. Оларға 20 млн теңгеге жуық көлемде айыппұл салын­ды. Н.Асылбеков бұл ретте дәрілер­ді орынсыз қолданудың зиянын да атап айтты. Қазір антибиотиктерге қарсы төзімділік пайда болғандықтан, ем қонбай, сырқатынан айыға алма­ған науқастар бар. Тауарлар мен көр­сеті­летін қызметтердің сапасы мен қауіп­сіздігін бақы­лау комитетінің төр­айымы Люд­мила Бюрабекова респуб­лика дәріханаларында дәрілерді рецеп­тісіз сату Денсаулық сақ­тау министр­лігінің жаңа талабы емес екенін, аталған ты­йым салудың 15 жылдан астам уақыт қолданылып келе жат­қанын жеткізді.

− Бүгінде елімізде 7748 дәрі атауы тіркелген, оның ішінде 6 114 дәрі дәрігердің рецептісі бо­йынша беріледі, 1634-і рецепті­сіз сатылады, – деді коми­тет төр­айымы. Осы ретте ден­сау­лық сақтау мекемелеріне рецепт жазудың жеңіл формасын қарастыру мәселелері туындап отыр. Рецептілерді жазу және дәріханада препаратты алу рәсім­­дерін жеңілдету үшін 2020 жылдан бастап министрліктің ақпараттық жүйелерін толық электронды форматқа көшіру жоспарлануда. «Қағазсыз ауру­ханаға» көшу шеңберінде жекелеген өңірлер (Қарағанды, Аты­рау, Шығыс Қазақстан) рецептілерді жазып беру бойын­ша электронды форматқа көш­ті. ДСМ ақпаратына сәй­кес, рецепті жазып беруге өкі­лет­тігі бар, кез келген практи­ка дәрі­герлері, оның ішінде ста­цио­нар­­лардың дәрігерлері мен кезек күттірмейтін жедел жәрдем дәрі­­герлері рецепті жазып бере алады.

− Рецепті бірден үш айлық емделу курсына жазылып бе­ріледі және 3 ай ішінде жарамды болады, − деп түсіндірді Л.Бюрабекова.