Алдағы уақытта облыс аумағындағы 225 мыңнан астам тұрғыны бар ауыл-қалаларда 10 мың жаңа көше шамы орнатылады. Бұл туралы облыс әкімдігі мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы келісімшартқа қол қою рәсімінде айтылды.
Шараға облыс әкімі Даниал Ахметов пен ЕҚДБ-ның Орталық Азия елдеріндегі басқарушы директоры Бруно Балванера қатысты. «Осы жұмыстың нәтижесінде сіздер кем дегенде 50, әйтпесе 60 пайыз электр қуатын үнемдейтін боласыздар. Шығыс Қазақстанға қатысты жоба өзге өңірлерімен салыстырғанда инновациялық екенін де айту керек. 2017 жылы қолға алынған жоба екі кезеңнен тұрады, оның біріншісінде Өскемен мен Семей қалаларындағы көше шамдары жаңартылды» дейді Бруно Балванера.
Жоба бойынша ЕҚДБ Шығыс Қазақстан елді мекендерін заманауи жарықтандыру жүйелерімен қамтуға шамамен сегіз миллион еуро көлемінде қаржы бөлмек.
Шығыс Қазақстан облысы