Кеңеске Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев, Үндістан Премьер-Министрі Н.Моди, ҚХР Төрағасы С.Цзиньпин, Ресей Президенті В.Путин, Пәкістан Премьер-Министрі И.Хан, Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон, сондай-ақ Ауғанстан Президенті А.Гани, Беларусь Президенті А.Лукашенко, Иран Президенті Х.Рухани, Моңғолия Президенті Х.Баттулга қатысып жатыр.
Мемлекет басшылары 14 құжатқа, оның ішінде 13 шешім мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Бішкек деларациясына қол қояды деп күтілуде. Сонымен қатар отырыс аясында БАҚ, спорт, денсаулық сақтау, ШЫҰ-ның халықаралық байланысын кеңейту салаларындағы ықтымақтастықты қамтитын 7 құжатқа қол қою көзделіп отыр.
Қазақстан тарапы бастамашылығымен әзірленген денсаулық сақтау, ШЫҰ-ның «Астана» халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-қимылы, цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, «ШЫҰ-Ауғанстан» байланыс тобының мұнан арғы іс-қимылы сынды салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттар да рәсімделмек.
Айта кетейік, 2019-2020 жылдары ұйымға төрағалық Ресей тарапына өтеді және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2020 жылға жоспарланған.