• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2019

Ақтауда «Жолда қабылдау» акциясы өтті

477 рет
көрсетілді

Ақтау қаласының аумағында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілді. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара екі жерде - 14 шағын аудан "Астана" сауда орталығының алдында және 7 шағын аудан "Мәңгілік алау" монументі жанында өтті. Сондай-ақ, акция департаменттің Facebook және Instagram ресми сайттары арқылы тікелей эфирде жүргізілді.

Бұл іс-шараға департамент басшысы Қанат Даниярұлы Таймерденов және ӘПБ, ЖПҚ, Көші-қон қызметі басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Азаматтардың көптеген сауалдары көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, жол белгілерін жаңарту, айыппұлдар төлеу туралы болды. Тек әлеуметтік желілерде қойған сұрақтарға ғана жауап беріле қоймай, қауырт желі арқылы түскен сауалдарға да жауап берілді. Акциямен қатар, учаскелік полиция инспекторлары шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Мәселен, жаяу жүргіншілер өткелін орнату туралы өтінішімен қала тұрғыны облыстық ПД бастығына жүгінді, бұл мәселе шет қалған жоқ. Қанат Даниярұлы тұрғынмен бірге 14 шағын аудан "Нейрон" жеке емханасының жанындағы қиылысқа барып, жол белгілерін және жасанды кедір-бұдырлықтарды орнатуға нақты нұсқаулар берді.