• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2019

Аққулы ауданы қашан қазақ тілінде сөйлейді?

896 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылау жөніндегі көшпелі кеңес өтті.

Биылғы жылдың алғашқы төрт айында аудан көлемінде атқарылған жұмыс барысы қорытындыланды.

Аудан әкімі Абзал Балғабаев баяндамасын орыс тілінде жасады.

- Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі бес есеге кеміп, 268 миллион теңгені құрады, - деді әкім.– Жылдың соңына дейін 5,6 млрд теңге инвестиция салынады.

Ауданда биыл суармалы алқаптарды 2,2 мың гектарға көбейген. Оның 500 гектары «Роса» ШҚ, 200 гектары «Маяк» ШҚ, 700 гектары «Дәнекер» ШҚ тиесілі. 

Сонымен бірге, 232 шаршы метр баспана тапсырылған. Биыл 1,1 млрд теңгеге Қазы, Шақа және Шарбақты ауылдарында су құбырларын салуды аяқтау жоспарлануда.

-Жыл соңына дейін таза ауыз сумен  аудан халқының 74,6 пайызы қамтылады, - деді Абзал Балғабаев.

Ал, жоспарда Аққулы ауылында су құбырларын қайта жөндеу, Ямыш ауылында мәдениет үйінің құрылысы және Аққу-Қазы-Майқарағай тас жолын орташа жөндеу жобалары бар.

 Жиында облыс әкімі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін, нарықтағы бәсекеге төтеп бере алатын кәсіпорындар ашу қажеттілігіне тоқталды.

-Көнерген цехтар мен құрал-жабдықтарды ұмытуымыз керек, - дейді Болат Бақауов. – Олар бәсекеге шыдай алмайды. Ондай тауарды тұтынушы алмайды. Мал фермасы дегеніміз мал қорадан әрі аспайды. Заманауи базалар ешкім салмайды. Жаңа технологияларды игеру керек.

Сонымен бірге, өңір басшысы Абзал Балғабаевқа Аққулы ауылында 2017 жылы салынған 24 пәтерлі арендалық үйді ретке келтіріп, тұрғындарына жайлы жағдай жасауды тапсырды.

Бәрі де жақсы-ақ. Бірақ, жиында да, баяндама жасаған, сөз сөйлеген әкімдер  қазақ ауылында  қазақ тілінің бар екенін ұмытып кеткен сияқты.   

Павлодар облысы