• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Маусым, 2019

Павлодардағы офтальмологиялық бөлімшеге күніне 100-ге жуық адам келеді

457 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Г.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана облыстық аурухана офтальмологиялық бөлімшені жоғары санатты білікті офтальмолог-дәрігер Қасымхан Тілеубаев басқарады.

-Қазіргі заманғы медицина көз ауруларын бірнеше минут ішінде арнайы жабдықтың көмегімен қарап, тексеріп бере алады.Бірақ, көз дәрігеріне сезімталдық пен жанашырлық, көзі ауырған адамға көңіл бөлу, жан жылуы қажет,-дейді  Қасымхан.

Бөлімше дәрігерлері заманауи жабдықтармен-офтальмологиялық коагуляциялаушы лазерде, когерентті томографта, ультрадыбыстық операциялық жүйе арқылы емдеу шараларын жүргізеді.

Қасымхан  Абылайханұлының айтуынша, INFINITI VISION офтальмологиялық жүйесін енгізу жоғары мамандандырылған медициналық трабекулоэктомия, көз алмасының энуклеациясына көмек көрсетуге мүмкіндік берді, стационарда емделу уақытын  қысқартады, көздің  тез жазылуына әсер етеді.

Орталыққа күніне 100 ге жуық адам келеді. Жылына 4000-нан астам ота жасалады. Орталықта көру қабатын лазер арқылы емдейтін мүмкіндік те бар. Жаңа лазерлі аппараттарды қолданғаннан бері офтальмологиялық бөлімшесіне емге тұрған науқастардың кезегі азайды

-Көз қысымын тексеріп, хирургиялық оталар жасап, көз тамырларын қалпына келтіреміз. Ағза аурларын  көз арықылы  анықтауға болады.Көзге күрделі операциялар да жасалады. Ота түрлері жоғары технологиялы құрылғылардың арқасында дене жарақатынсыз жасалады, - дейді Қасымхан.

Офтальмологиялық бөлімшесінің дәрігерлері лизинг бойынша алынған ең заманауи құралдарда жұмыс жасайды – офтальмологиялық коагулярлы лазерьде, когеренттік томографта, INFINITI, STELLARIS  ультрадыбыстық оталық жүйесі.

Қазір орталыққа келген пациенттер кезек күтіп тұрмайды. Бұрындары тіркеуге тұрғаннан кейін жауап алу үшін жарты жыл күтетін.

Ал, қазір қалаған дәрігерінен 2-3 аптаның ішінде жауап ала алады. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында емханалардың анықтамасыен келген науқастарға тегін ота жасалады.  

Сонымен қатар, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында офтальмологиялық қызмет түрлері енді сақтандырылған адамдарға қолжетімді болмақ.

Скринингтік тексерулерге келетін болсақ, офтолмолог дәрігерлер 40 жастан асқандарға көз қысымын тексертуге кеңес береді

Қасымхан Тілеубаев облыстық ауруханада 20 жылға таяу уақыт  қызмет етіп келеді.

Орталық көз хирургиясына имплантациялық жолмен ота жасауды қолға алуда. Глаукомаға қарсы лазерлік операция жасалады. Оптикалық көз томографын сатып алынды. Лазерлі аппарат, микроскоп, тігіссіз ота жасайтын машиналар бар. Облыс тұрғындары өз қаламызда емделеді. 

Офтальмолог дәрігерлер көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды, тек таза, жұмсақ шүберекпен сүрту керек. Жаз айларында тікелей түсетін күн сәулесінен және шаң тозаңнан қорғанып көзілдірік киген де дұрыс.

Еліміздегі Медициналық қызметкерлер күнін мерекелеу қарсаңында офтальмолог дәрігер Қасымхан  Тілеубаевты,  бөлімше дәрігерлерін құттықтап, жоғары кәсіби еңбектеріне сәттілік тілейміз.

Павлодар