• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2019

«Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі мәресіне жетті

361 рет
көрсетілді

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесінің жабылу салтанатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін атап өтті.

"Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сыр халқына әрқашан қамқор болып, қолдап келді. Елбасы Сыр елін Алаштың Анасына балағаны баршаңызға белгілі. Елбасының «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзі Сыр жұртшылығын қанаттандырып, алға қарай жетеледі. Көрмені 130 мыңнан астам Сыр өңірінің тұрғындары қызыға әрі мақтанышпен тамашалады. Сыр жұртшылығы, облыс ақсақалдары Елбасына деген алғаусыз алғысы мен риясыз көңілін хатқа түсіріп, Елбасына жолдауды жөн көріп отыр,-деді облыс әкімі.

"Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" көрмесі өз жұмысын 5 сәуірде Шиелі және Қармақшы аудандарында жылжымалы экскурсиялар өткізуден бастаған болатын. Салтанатты шара барысында облыс орталығында Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу, халықаралық ғылыми-практикалық конференция, сондай-ақ, жастармен кездесу ұйымдастырылды.

                              Қызылорда облысы.