Ал сәуір айымен салыстырғанда мамырдағы көрсеткіш керісінше 0,1% азайып кеткен. Оның себебі қордан бөлінетін қаражаттың қорға түсетін қаражаттан көбейіп кетуі. Айта кетерлігі, биыл мамырдағы көрсеткіш 2014 жылдан бергі максимум ретінде тіркеліп отыр. Алайда долларға шаққанда көрсеткіш керісінше төмендеп кеткен болуы да ықтимал. Өйткені, 2014 жылдың мамырында 13,8 трлн теңге болған қаражат 2015 жылы 15,9 трлн теңгеге жетсе, 2016-да 25,5 трлн-ға дейін жеткен. Бірақ 2017 жылы көрсеткіш 22,9 трлн теңгеге төмендегенімен, 2018 жылы қайтадан 23,1 трлн теңгеге жеткен. Жалпы, жыл басынан мамырға дейінгі аралықта Ұлттық қорға 1,5 трлн теңге түскен. Бұл былтырғы осы уақыттағымен салыстырғанда 14,1 пайыз көп.
2015 жылдан бастап жыл басындағы бес айда көрсеткіш тұрақты төмендеп келген, биыл ғана «плюске» шығып отыр. Бес айда түскен қаражаттың барлығы дерлік мұнай саласындағы кәсіпорындардың төлеген салығынан құралып отыр. Мұнай компаниялары осы аралықтағы Ұлттық банк табысының 98,1 пайызын берсе, қалғаны жалпы кіріске тиесілі. Ал республикалық меншіктегі мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен қаражат пен тау-кен және өңдеу өнеркәсібіндегі компаниялардан түскен табыс былтырғы осы уақыттағыдан 65,3% ұлғайып, 13 млрд теңгеге жетті. Мұнай секторындағы өзге де операциялардан түскен табыс болса 11,7 млрд теңгені құрап, былтырғыдан 22,1 есеге артып отыр. Сонымен қатар республикалық бюджеттен аударылатын мақсатты трансферт былтырғыдан керісінше 96,3% азайып кеткен екен. Ал ауыл шаруашылық жерлерін сатудан түскен кіріс те 6,4%-ға азайған. Өз кезегінде Ұлттық қордың шығыны да былтырғыдан 43,3%-ға ұлғайып, 1,5 трлн теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр осы уақыттағы шығын 1,1 трлн теңге ғана болған. Соның ішінде кепілдендірілген трансферттің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті. Былтыр көрсеткіш 1,1 трлн теңге болған. Яғни, шығынның бәрі осы кепілдендірілген трансфертке тиесілі еді. Биыл көрсеткіштің тағы көбеюі Назарбаевтың былтыр жыл соңындағы Жолдауда айтқан әлеуметтік бағдарламалар мен бизнесті қолдауға арналған бағдарламаларды қаржыландыруынан босла керек. Сонымен қатар биыл осыған қоса тікелей инвестиция қорына 370 млрд теңгенің аударылғаны да белгілі. Қорды басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жасау үшін кеткен шығын 1,6 млрд теңгеге жетті. Былтыр көрсеткіш 11,6 млрд болған еді.
2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Ұлттық қорға түскен түсім 1 трлн теңгені құрады.
Бұл 2018 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда (696 млрд теңге) 46,7%-ға артық. Аймақтық бөліністе түсімдердің ең көп көлемін Атырау облысы (534 млрд теңге), БҚО (172,3 млрд теңге) және Маңғыстау облысы (120,4 млрд теңге) қамтамасыз етті. Қызылорда облысы — 106 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 44,1 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 32 млрд теңге, ал Алматы облысы – 6,6 млрд теңге төледі. Түркістан облысынан түскен түсімдер 3,9 млрд теңгені, ШҚО – 1,4 млрд теңгені, Алматы облысынан – 91,3 млн теңгені, Жамбыл облысынан – 2,9 млн теңгені, Қарағанды облысынан — 1,4 млн теңгені, ал Ақмола облысынан – 1,6 млн теңгені құрады. Өз кезегінде Павлодар облысы Ұлттық қорға төрт айда 471 мың теңге, Шымкент – 349 мың теңге, ал Қостанай облысына – 50 мың теңге аударды. Ал СҚО-нан ешқандай түсімдер болған жоқ Алматы