ҚР Үкіметінің басшысы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС ауыл шаруашылығы машинасын жасау кәсіпорнына барды. Бүгінде зауыт жылына 1500 техника шығарады. Келешекте қуаттылықты жылына 5000 техникаға дейін ұлғайтып, 400-ден астам жұмыс орындарын ашу көзделген. Индустриялық дамумен танысу «КАМАЗ-Инжиниринг» қазақстандық-ресейлік біріккен машина жасау кәсіпорнының жұмысын тексеру кезінде жалғасты. А. Маминге таяу уақытта жылына 2500 бірлікке дейін шығару жоспары бар екені баяндалды.
Сонымен қатар, өңірде ҚР Премьер-Министрі «қарапайым заттар экономикасы» салаларының кәсіпорнын қарады. «Два Кита» ЖШС жыл басынан бері 12,7 мың корпустық жиһаз шығарған. Өнім түрін кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайту жоспарда бар. Бұл мақсаттарға 1 млрд теңге жеке инвестициялар тартылады. Жалпы облыста халық тұтынатын тауарларды дамыту бойынша 87,6 млрд теңгеге 71 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысының экономикадағы туризм үлесін ұлғайтуға әлеуеті жоғары. Өңірлік туристік кластерге 700-ден астам нысан кіреді. Премьер-Министрге қаланың көлік және энергетика инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Бұған қоса, Көкшетау қаласының төңірегіндегі Қопа көлінің жағалауын абаттандыру жобасы таныстырылды.
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөнінде, сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру және елорда төңірегін дамыту мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.
Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң қарқын белгіленген. Биылғы қаңтар-мамыр аралығындағы өнеркәсіптік өндіріс өлемі 284,1 млрд тг құрады. Биыл ИИДМБ аясында 434 жаңа жұмыс орындарын құрумен 9,3 млрд теңге сомасына 5 жобаны іске асыру көзделген. 1 маусымдағы жағдай бойынша экономиканың негізгі капиталына 83,2 млрд теңге инвестиция тартылған, өсім — 4,4%. Ауыл шаруашылығында өндіріс 13%-ға өсіп, 63,6 млрд теңгені құрады. 2019 жылы әлеуметтік салаға 129,2 млрд теңге қарастырылған. 3 балабақша, 6 мектеп, 5 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй 116 көп балалы және аз қамтылған отбасыға берілді, атаулы әлеуметтік көмек аясында 610 млн теңге берілді.
Кеңес барысында Аймақаралық форумға дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Көкшетауда дамыған инфрақұрылым және ыңғайлы көліктік логистика бар. Жалпы алғанда, Форумды өткізу туризм саласында жаңа сапалы өзара қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін береді, сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кең ауқымы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жол ашады.
Сондай-ақ, кеңесте бірқатар министрліктің басшылары туризмді дамыту, курорттық аймақты инженерлік-көлік және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, перспективалық ауылдарды және елорда төңірегін дамыту мәселелері жөнінде сөйледі.
«Туристік саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізін Қазақстанның Топ-10 нысаны құрайды, солардың бірі — Щучинск-Бурабай курорттық аймағы», — деп Асқар Мамин, туризм саласы үлкен үміт күттіретінін айтты. — Туризм көлік пен телекоммуникацияның дамуына, құрылысқа, сауда-саттыққа, ауыл шаруашылығына мультипликативті әсер ете отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялардың тартылуына және жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасайды».
ҚР Үкіметінің басшысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын жаңғырту және экологиялық жағдайды жақсарту, сапалы әрі қолжетімді сервистік қызметтерді дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Мұнда туризм саласында 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, 2025 жылға қарай еліміздің ЖІӨ туризм үлесін 8% дейін ұлғайту көзделген.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Ақмола облысында 2019 жылы 19 жоба қарастырылған, олардың 8-і бойынша келісімшартқа қол қойылған. Елорда төңірегін дамыту үшін биыл 10 жоба іске асырылады, соның ішінде 3-уі — сумен жабдықтау және су тарту желілерін салу бойынша, 2 — автожол жобалары және т.б.
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды ерекше бақылауға алуды және республикалық маңыздағы қалалардың төңірегіндегі мәселелерді шешу мен абаттандыруға ден қою керектігін тапсырды.