• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 17 Маусым, 2019

Премьер-Министр Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды

346 рет
көрсетілді

Сапар барысында Премьер-Министр алдымен «Қазақстандық Агро-Инновациялық Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл кәсіпорында астықты аймақ үшін қажетті әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары жиналады. Қуатты техникалардың тіркемелері жергілікті жерде жасалады. Жобаның құны – 4,7 миллиард теңге. 2016 жылы пайдалануға берілген кәсіпорынның жыл сайын 1500 дана техника шығаруға мүмкіндігі бар. Қазіргі күні кәсіпорын шығарған техникаларға еліміздің көптеген өңірлерінен сұраныс түсуде.

«Ақ желкен» қонақүй ке­шенінде болған кезінде облыс әкімі Е.Маржықпаев қаланың бас жобасына байланысты Қопа көлін жағалай салынатын заманауи құрылыс жоспарымен егжей-тегжейлі таныстырды. Көл жағалауы абаттандырылып, көпқабатты үйлермен қатар, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көр­сететін сан алуан нысандар бой көтермек. Кенесары көше­сінен бастау алатын кең даңғыл жағалауды жанай өтіп, «Васильовка» шағын ауданына дейін созылады. Бұл жоба қала көр­кін кіргізумен қатар, баспана мәселесін шешуге оң әсер етпек.

Жергілікті жерде өнім өндіру өте маңызды. Қаладағы «Два Кита» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиһаз жасаумен ай­налысады. 2003 жылдан бас­тап жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын 2015 жылы осы за­манғы озық технологиямен жұ­мыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа құрал-жабдықтарын сатып алып, жаңғыру сатысынан өткен болатын. Бүгінде кәсіпорынның бұ­йымдары елімізде және Ре­сейдің сауда нүктелерінде сұ­ранысқа ие.

Мұнан соң Премьер-Министр А.Мамин «КамАЗ-Ин­­жи­ниринг» акционерлік қо­ғамының тыныс-тіршілігімен танысты. Еліміздегі көлік шығару өндірісіне қомақты үлес қосып отырған кәсіпорынның жылдық қуаты 3 мың көлікке тең. Өн­діріс қуатын барынша арттырып отырған кәсіпорын 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын шығарған көліктерді Қазақстанның кез келген же­рінен кездестіруге болады. Бү­гінде 700-ден аса адам жұмыс істейтін кәсіпорындағы орташа жалақы – 150 000 теңге.

Кәсіпорында Премьер-Ми­­нистрге Қазақстанның өн­діріс ошақтарында бірінші рет шы­ғарылып отырған мүгедектер арбасының таныстырылымы өткізілді. Бұл ендігі арада мүм­кіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігін өтейтін болады. Әдет­те мұндай бұйымдар Ресей мен Қытайдан, Еуропа елдерінен жеткізіледі. Бұл жолғы арба Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалған. Зауыт қазір алғашқы партияны пысықтау үстінде.

– Бұл электр қуатымен жүретін көлік, салмағы 70 ки­лоға таяу. Арбаға екі аккуму­лятор орналастырылады. Оның әрқайсысының қуаты 15 ша­қырым жол жүруге әбден жет­кілікті. Екі аккумулятормен отыз шақырым жер жүре алады. Жылдамдығы сағатына 6 ша­қырымға тең,– деп атап өтті «Тыныс» акционерлік қоға­мының конструкторлар бю­ро­сының басшысы Сергей Юдин.

Сөз арасында мүгедектер арбасына қажетті қосалқы бөл­шектердің барлығы осы кә­сіпорыннан шығарылатынын айта кетуіміз керек. «Тыныс» акционерлік қоғамында ұшақ­тар мен тікұшақтардың жаб­дықтаушы бөлшектерімен қатар Қазақстан Республикасының күштік құ­рылымдарына қажетті құрал-жабдықтар да дайындалады. Бронды кеудешелер экспортқа шы­ғарылады. Аза­маттық ба­ғыттағы өнім түр­лері де аз емес. Мәселен, кәсіпорынның өрт сөндіру құралдарына, полиэти­лен құ­бырларына сұраныс көп. Сон­дай-ақ мұнай өнеркәсібі мен тау-кен байыту салалары, «Қазақ­стан темір жолы» акцио­нерлік қоғамы тарапынан да тапсырыс­тар түсуде.

«КамАЗ-Инжиниринг» ак­ционерлік қоғамы облыс ор­талығындағы аса ірі Қазақ­стан-Ресей бірлескен кәсіпорны санатында. Бұл жерде жүк көліктері, арнайы техникалар жиналуда.

– Егер өндіріс көлемі туралы айтатын болсақ, авиацияға қажетті заттар 30-40 пайыз төңі­регінде. Қалғаны ұлттық ком­паниялардың өтінімдері, – дейді маркетинг бөлімінің басшысы Ерден Аюпов.

Сапар соңында облыстық әкімдікте өңірдің әлеуетін арттыру мәселелерін жан-жақты талқылаған кеңес өткізілді.

 

КӨКШЕТАУ