• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2019

Павлодар облысына «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 785,4 млн теңге бөлінген

394 рет
көрсетілді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі күні мемлекеттен көмек алғысы келетін жеке кәсіпкерлерден өтініштер түсуде.

Ал, жыл басынан бері құны 194 миллион теңгені құрайтын 33 өтініш қабылданыпты.

 Облыс әкімінің қаулысымен шағын несиелеу ұйымдары бекітіліп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 1 млрд 71 миллион теңге, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ арқылы 714 миллион теңге қаражат қарастыруда.Бұл қаражат шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады.Яғни, қой, ешкі, жылқы, сиыр сатып алу, қысқы жем-азығын әзірлеу бойынша барынша қолдау көрсетіледі.Сонымен қатар, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер құрылыс материалдарын шығару, аспаздық өнімдерді пісіру, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру, жүк және жолушылар көлігін сатып алу бағытында өз бизнестерін аша алады.Мамандардың айтуынша,жалпы жеке тұлғаларға несие беру мерзімі – 5 жыл. Мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласында – 7 жылға дейін.Қазір оларға «ҚазАгроКепіл» АҚ қолдау көрсетіп, кәсіпкерге алған несиесінің 85 пайызына кепілдік береді. Бұл нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының  мүмкіндігі.Бұл жоба 2017 жылы пилоттық негізде жүзеге асырыла бастады.Жоба ауыл тұрғындарының еңбек етуіне мүмкіндік беруде.Ал, «ҚазАгроКепіл» АҚ  облыстық филиалының мәліметінше, несие алу үшін кепілдік беруге өтініш берушілердің қатары  артуда.Яғни, несие алушының кепілге қоятын мүлкінің құны белгілі мөлшерге жетпей тұрса, аталған ұйым несиені кепілдендіреді.

  Жаңадан бастап жатқан кәсіп керлер несиесін 85 пайызға дейін кепілдендіре алады.  Бүгінде 7,5 миллион теңгенің несиесін кепілдендіруге 1 өтініш мақұлданды. Тағы 3 жоба қарастырылуда.

 Биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу курстары 3 маусым бойы ұйымдастырылып, 900 адам қамтылады деп жоспарлануда. 

   Павлодар облысы