• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Президент 17 Маусым, 2019

Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды

868 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының  4-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек –  Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев –  Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин  –  Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов  –  Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  –  Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов  –  Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов  –  Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  –  Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  –  Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов  –  Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов  –  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев  –  Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов  –  Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  17  маусым   №  22