• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2019

Баспанаға аса мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі

766 рет
көрсетілді

Иә, бүгінгі мақаламыздың тақырыбына шығарып отырғанымыздай, Ақтөбе облысының әкімдігі баспанаға аса мұқтаж жандарды қолдаудың байыпты бағдарламасын бекітті. Бүгінде оның нақты тетіктері жасалып, бұл бағыттағы жұмыстар жүзеге аса бастады.

Оның басты ерекшелігі қандай? Біріншіден, жаңа көз­­қарас жағдайында өңірдегі бас­­панаға аса мұқтаж отбасылар мен жандар үшін алғашқы жар­наларын төлеудің тиімді жолдары іздестірілуде. Бұл бір­ теңгесін екі ете ал­май жүрген­дер үшін үлкен көмек екені анық.

Соңғы уақыттары облыс орталы­ғында тұрғындар үшін жалдамалы үйлер құрылысы қызу қарқын алып келеді. Мұн­дай санаттағы баспанаға ие болғандар азын-аулақ ақшасын пәтер иесіне бермей, болашақта өздеріне тиесілі мекенжай үшін жұмсайды. Бағдарламаның тиім­ділігі де осында. Сондай-ақ өңірде қайырымы мол,­ та­бы­сы жоғары азаматтар мен ­ком­­­­паниялардың көбейіп келе жат­қаны да баспанаға мұқ­таж отбасылар санын кеміте түсуде. Олар шапағатын не­гі­зінен көп балалы, толық емес, мүмкіндігі шектеулі жан­­­да­ры бар отбасыларға ар­­­­­нал­ған «Бақытты отбасы» бағдар­­­­ламасы шеңберіне кіре­тіндерге ти­гізуде.

Бұл істе облыс орталы­ғын­дағы «Қол­ғанат-Ақтө­бе» қо­ғамдық қоры­ның қайы­рым­ды­лық шаралары ауыз­ға бірінші ілі­геді. Атап айт­қанда, олар биыл «Бақытты отбасы» әлеуметтік тұр­ғын үй бағдарламасы бойынша тізімде тұрған 37 отбасының бастапқы жарнасын төлепті. Қордың төрайымы Алтынай Мұқанованың айтуынша, бұл мақсатқа кәсіпорындар есебінен 22,7 миллион теңге бөлінген. Қоғамдық құрылымдағы қаржы көздері кәсіп­орындар мен қа­йырымы мол жан­дардың кө­мегі есебінен толығып отырады. Мысалы, биыл есімі ел­ге елеулі азамат Марат Ите­ғұлов оған 20 миллион теңге кө­лемінде қаражат аударса, бұдан «Берекет» ЖШС жетек­шілері де қалыспапты. Мұндай мысалдар жеткілікті.

Тұтастай алғанда, биыл об­лыс­та бақытты отбасы бағ­дар­ламасы ая­­сында 1600 пәтер пай­далануға беріл­мек. 2019 жылдың басында облыс ор­та­лығында халықтың әлеуметтік жағынан аз қам­тылған тобын тұрғын үймен қамту үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар осы уақыт аралығында 6 мыңнан астам тұрғынды қабылдаған екен. Соның ішінде баспанаға аса мұқ­таж отбасылар анықталып, олар­дың өтініштері оң шешімін тауыпты.

Қазіргі қолда бар деректер облыс бойынша 30 мың, соның ішінде Ақтөбе қаласы бойын­ша 23 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұрғанын көрсетеді. Сондай-ақ 173 мың адам жер телімі кезегінде болып шықты. Олардың бәрін бір сәтте тұрғын үймен қамту еш мүмкін емес. Бұл іс сатылы түрде жүргізіледі. Баспана беру жө­ніндегі басымдық бі­рінші кезекте ата-анасының қам­­қорлығынсыз қал­­ғандар мен бюджет саласы қызмет­кер­леріне, көп балалы отбасылар мен үй­лері апатты жағдайда тұр­ған аза­маттарға беріледі, – дей­ді Ақ­төбе қаласының әкімі Ілияс Еспанов.

Өңірде баспана алуға тілек білдіру­шілер санының жылдан жылға өсуі пай­далануға берілетін тұрғын үй көле­мін ұлғайтуға себепші болғаны да басы ашық мәселе. Мысалы, өткен жылы облыста 850 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл кемінде 1 миллион шаршы метр тұрғын үй тұрғызылмақ. Бұл – кемінде 8700 пәтер деген сөз. Мұның бірқатарын табысы жоғары тұрғындар өз қаражаттарына сатып алса, қай­сыбірі мемлекет белгілеген түр­лі санаттағы категориялар тиісті жеңілдіктер бойынша берілмек. Бұл жөнінде Ақ­төбе облысының әкімі Оңда­сын Оразалин былай деді:

– Баспана кезегінде тұрған өңір тұрғындарын тұрғын үймен қам­ту – біздің қызметіміздің бас­ты ба­ғыттарының бірі. Осы орайда облыста «Бақытты отбасы» бағдар­ламасының ой­дағыдай іске асуына баса назар аударып отырмыз. Оның талаптары баспанаға аса мұқтаж қарапайым тұрғындар үшін өте тиімді. Өйткені мөлшерлемесі жылына 2 пайыздан аспайды.

Өңір басшысының сөзіне қоса­рымыз, бақытты отбасының басты талап­тарының бірі – тұрақты жұмыс орнының болуы, несие қарыздарының жоқтығы. Аталған бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізіп, қуанышы қойнына сыймаған жаңа қоныс иесі Гауһар  Әб­ді­­разақова төмендегіше тол­ғанды:

– Бұған дейін жатын бөл­­меден бөлек, тамақ әзірлеп ішетін ас үйі мен жуынатын орны бар дербес пәтерім болса екен деп армандап келдім. Таяуда осы арманым орындал­ды. «Ба­қытты отбасы» бағ­дар­ламасының арқасында бала­мыз екеуміз сәнді де сапалы су жаңа пәтерге қол жеткіздік. Бұл үшін атқа­рушы билік өкілдері мен «Қол­ғанат-Ақтөбе» қоғамдық қоры­ның жетекшілеріне айтар алғы­сым шексіз.

Сондай-ақ осы арада Ақтөбе қаласындағы «ЦентрГрупп» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің директоры Мұрат Бал­ғазин­нің қолдауына сәйкес аумағы ат шаптырым төрт бөл­­мелі үйдің кілтін алған он баланың әкесі Қонысбай Хам­зиннің жү­рекжарды лебізін жалғай кеткенді жөн көреміз. «Бұл – мемлекетіміз бен жанашыр аза­маттардың біз секілді көп балалы мұқтаж отбасыларға деген шынайы қамқорлығының көрінісі», дейді ол.

Міне, осылайша Ақтөбе аймағында баспанаға аса мұқ­таж отбасылардың қоныс тойлары одан әрі жалғаса бермек.

 

АҚТӨБЕ

 Суретте: баспанаға мұқтаж жандар осындай сәнді де сапалы салынған үйге қоныс тепті.