• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Президент 18 Маусым, 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев А.Күрішбаевты қабылдады

677 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ректоры Ақылбек Күрішбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ аграрлық білім мен ғылымды жетілдірудің жағдайы мен перспективалары туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті университеттің қол жеткізген табыстарын атап өтіп, ауыл шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік беретін аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.