• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2019

Масылдық көзқарастан түбегейлі арылу керек

655 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында кейінгі уақыттары мемлекеттік жеңілдіктерді пайдаланып, үкіметтің есебінен күн көргісі келетіндердің көбейіп бара жатқандығына алаңдаушылығын білдірді.

"Өкінішке орай, қоғамдағы мына бір келеңсіз көрініс туралы да айтқым келеді. Бүгінде ұсынылған жұмыстан бас тартып, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке қол жайып күн көруді әдет қылған адамдардың қатары азаймай тұр. Бұдан бөлек, өзі несие алып, қарызын қайтаруға келгенде құлықсыздық танытатын да азаматтар бар. Бұл барып тұрған масылдық психология! Мұндай ойды түбегейлі өзгерту керек»,-деді ол.

Өңір басшысы қоғам, ел дамуына кері әсер ететін кері көзқарастан арылып, ерен еңбек, тынымсыз тіршілік арқылы мемлекеттің өсіп-өркендеуіне атсалысу - әрбір азаматтың адал борышы екендігін атап өтті.

Қызылорда облысы