• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2019

Саперлер шопан тапқан әскери снарядты залалсыздандырды

644 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңкеби ауылының жанында Дөңгелеккөл қараусыз қалған жайылымда жергілікті шопан әскери снарядқа ұқсайтын жарылғыш зат тапқан. Қорқынышты зат табылған орынды белгілеп, ауылдық округ учаскелік полиция инспекторына хабарлауға асықты. Ол 30238 әскери бөлімнің кезекшісіне хабар берді.

«Батыс» Өңірлік қолбасшылығының командирі, полковник Нұрлан Алдияровтың нұсқауымен Мөңкеби ауылына, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысы аймақтық жауапкершілікті қамтитын инженерлік қызметінің бастығы майор Аслан Баймагамбетовтың басшылығымен 30238 әскери бөлімінің минасыздандыру тобы жіберілді.

- Бұл бірінші жағдай емес, - дейді 30238 әскери бөлімнің командирі, полковник Руслан Утепов. - 2015 жылдан бері жергілікті тұрғындар металл сынықтарымен бірге тапқан, оннан астам жарылмаған снаряд минасыздандыру тобымен жойылды.

ІІМ-ге қарасты құрылымдық күштер Ақтөбе қаласынан 360 шақырым жерде орналасқан оқиға орнына келіп, снаряд орналасқан аумақты қоршады. Минасыздандыру тобының ракеталық-артериялық қару-жарақ маманының жақынырақ тексеруінен кейін жарылғыш зат 85 миллиметрлік кумулятивтік танкке қарсы снаряд болып шықты. Оның жағдайы тасымалдауға жатпады: коррозияға ұшыраған, жарылғышы жауынгерлік жағдайға қойылған, снаряд қауіптің 3-ші дәрежесінде болды.

Саперлер снарядты сол жерде жоюға шешім қабылдады. Сонымен қатар, минасыздандыру торбымен іргелес аймақ зарылғыш заттардан тексерілді.

- Кеңес дәуірінде соңғы үлгідегі әскери техниканы және қару-жарақты зерттеу және сынау, жауынгерлік атыс жүргізу үшін қолданылған, Ембі полигонының жақындығы әлі күнге дейін "тосынсыйлар" ұсынады, - дейді 30238 әскери бөлімнің минасыздандыру тобының командирі, майор Аслан Баймагамбетов, - табылған снаряд кеңес дәуіріне тиесілі деп ойлаймын.

Маңғыстау облысы