• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Маусым, 2019

Маңғыстаулық түлектердің алғашқы легі ҰБТ тапсыруда

509 рет
көрсетілді

Жалпы өңірде 20-маусымда білім сынағының бірінші кезеңі басталады. Облыс бойынша ҰБТ 4 пункте өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Сейдалиев Асқар Әбиұлы мәлімдеді.

Олар - Ақтау қаласы, Ш.Есенов университетінің ғимаратында, Жаңаөзен қаласындағы 19-мектепте, сондай-ақ, Маңғыстау ауданы, Б.Жұмалиев орта мектебі ғимаратында және Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебінде.  Тест өтетін орталықтар салқындатқыш, металл анықтайтын және ұялы телефонның дыбысын тұншықтырғыш құралдар, түлектер үшін су беретін құрылғылармен толықтай жабдықталған. Барлық орталықтарда жергілікті полиция өкілдері мен денсаулық сақтау қызметкерлері қызмет ететін болады. 3 сағат 50 минутқа созылатын білім сынағына облыс бойынша 5596 меткеп бітірушінің 4298-іі қатысуға ниет білдірген.  ESENOV UNIVERSITY базалық факультетінің деканы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қайырбек Макуловтың айтуынша, биылғы сынақтың ең басты ерекшелігі осы жылдан бастап жылына 4 мәрте өткізіледі. Осыған дейін қаңтар-наурыз айларында өткен сынақ қорытындысымен бітіруші ақылы оқу орынына тапсыратын болса, осы маусымдағы сынақ ақысыз оқуға түсуге мол мүмкіндік бермек. Жалпы, соңғы ҰБТ тамыз айында өтеді. Барлық пунктерді жергілікті білім бөлім  басшылары, қоғамдық мекеме және бұқаралық ақпарат өкілдерінен құрылған  комиссия бақылайды.

-Биыл 4 пункте 4 қызметкеріміз бақылауды жүзеге асыратын болады. Олар Республикадан келген министрлік өкілдерімен бірігіп ҰБТ кезінде құқық бұзушылық және басқалай тәртіпсіздіктер орын алмауын қадағалайды. Алдыңғы жылдары сынақ уақытында өрескел тәртіп бұзушылықтар тіркелген емес, деді Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Өмірзақ Есболат.

Әдеттегіше 5 пәннен тұратын сынақ облыста  29 маусымда қорытындыланады. Ал, 30 маусымда түлектер аппеляцияға қатыса алады. Республика бойынша 117 мың оқушы алтын ұя мектептерінен түлеп ұшса, қатарында 159 маңғыстаулық «Алтын белгі» иегері бар. Мемлекеттік гранттың тапсырысы қазіргі таңда 66556 құрап отыр. Оның 51085 і бакалавриат, 2312 докторантураға түсетін үміткерлерге және 11085 і магистратураға ниеттілерге арналған.

Маңғыстау облысы