• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Маусым, 2019

Бүгін Қарағанды облысында ҰБТ сынағынан 1758 түлек өтеді

415 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталып, биыл мектеп бітірген 1758 түлек өздерінің білім деңгейін тексеруге кірісті. Түлектердің ішінде 99-ы «Алтын белгі» және 83-і «Үздік аттестат» иегерлері.

ҰБТ нәтижелері бүгін  шамамен сағат 18.00-де белгілі болады. Оларды http://edu.gov.kz/ білім министрлігі сайтынан, @edugovkz.bot телеграмм-бот арқылы немесе баллдары бар кестелер ілінетін тапсыру орындарында білуге болады.

Облыста ҰБТ өткізу үшін 15 бекет сақадай-сай әзірленді. Оларда 122 кабинет, оның ішінде 19 қосалқы бөлме орналасқан. Олардың барлығы да желдеткіштермен және ауа салқындатқыш құрылғылармен жабдықталған. Қарағанды облысында аталған сынақ үшін арнайы 200 бейнебақылау камерасы, 123 ұялы байланысты өшіретін құрылғылар және 50 металл іздегіш дайындалды.

Ата-аналар мен бақылаушылар үшін ҰБТ бекеттерінде онлайн-бейне таралылым ұйымдастырылады.

Жалпы, Қарағанды облысында тест сынақтарын тапсыруға 5 380 түлек өтініш берген.

Өңірде Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым айының 21-30 күндері аралығында өтеді. 

Қарағанды облысы