• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Маусым, 2019

Улы жәндіктердің қаупі күшейді

417 рет
көрсетілді

Аптап күшіне мінген сайын улы жәндіктердің белсенділігі күшейетіндігі белгілі. Оның ішінде Конго-Қырым қанды безгегінің қауіпі күштірек.

Жақында Шиелі ауданы Досбол ауылының үш азаматы осы күдікпен ауруханаға жатқызылды. Тірі адам тіршілігін жасайды. Үш жағдайда азаматтар бау-бақша жұмыстарын атқарып жүргенде болған. Жалпы, кенені залалсыздандыру жұмыстары ерте көктемде басталып, қауіпті аймақтар дәріленген болатын.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова кене шаққан азаматтар тұрақты ем алып жатқандығын айтады.

- Тек қана қан клиникалық зертханалық сынама нәтижелеріне байланысты және кене шағу фактісі орын алғандықтан конго-қырым геморагиялық қызбасының болжамды жағдайы деген, күдікті жағдайы деген диагноз қойылып, бүгінгі күні бақылауға алынып, медициналық ем тағайындалып жатыр,-деді ол.

Күн қызған сайын кене шағу оқиғалары жиілейтіндігі белгілі. Бұл баяғы қой терісіне жабысып, таяқпен шұқып тастайтын зиянсыз кене емес, қауіпті кене. Сондықтан, абайламасқа болмайды.

Қызылорда