• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Маусым, 2019

Қараша қазға қамқорлық

892 рет
көрсетілді

Қараша қаз Қазақстан­ның, сондай-ақ Халық­аралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кіта­бына» енген жыл құсы. Қызылжемсаулы қараша қаздардың ұя салатын жері Ямал түбегінің солтүстігіндегі орманды тундра және Гыдан түбегі, Батыс, Орталық Таймыр мен Анабар өзенінің бассейні.

«Ғылым Ордасы» Табиғат му­зейі мен Қазақстан биоалуан­түрлілікті сақтау қауымдастығы өткізген көрмеде мамандар қаз­­дардың сирек түрі қызыл­жем­саулы қараша қазды қорғауға ар­налған жобамен таныстырды. Көр­ме алдағы уақытта еліміздің басқа да қалаларында жұмысын жалғастыратын болады.

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылым жөніндегі директоры Сергей Скле­ренконың айтуынша, Қазақ­стан, Ресей, Болгария, Румыния, Украина ғалымдары кіріскен жо­баға Еуразиялық Одақ және Life бағдарламасы қолдау көр­­сетіп отыр. Life «Қауіпсіз ұшу жо­лы» дүние жүзі бойын­ша қара­ша­ қазды қорғауға арнал­ған жо­ба. Бүгінде ондаған мем­ле­кет­пен әріптестікте жұмыс іс­тей­­­тін жобаның үйлестірушісі Бол­­­­­гарияның құстарды қорғау қо­ға­мы.

Сергей Склеренко қараша қаздардың сонау 80-ші жылдары мүлде азайып кеткендігін айтады. Қазіргі кезде дүние жү­зі бойынша мұндай құс тү­рінің саны 50-60 мың шамасында. Осы сирек түрлерді қорғау жобасы аясында құс аулау әрекеттеріне тосқауыл қойылып, олардың қоректік аумақтары жетілдірілетін болады. Бүгінде Ресейдегі мұнай-газ кен орындары алқаптарының ұлғаюына байланысты қарашақаздардың балапан басатын аймақтарына аса қауіп төніп отыр. Туризм да­мы­ған аймақтарда да қоректену алаңдарына қамқорлықты кү­шейту аса маңызды. Маман­дар­дың бағалауынша, соңғы жыл­дарда көптеген сулы-бат­пақ­ты ал­қаптардың жойылып ке­туі де қа­раша қаздың тіршілігі үшін алаң­дайтын жайт. Әзірге Қа­зақ­станда қараша қазды қор­ғау шаралары өз деңгейінде жүзеге асып келеді. Аталған жоба аясында 10 қараша қазға спутниктік бақылау құрылғысы орнатылып, алдағы уақытта олардың ұшып-қону аймақтары дәлдікпен анықталатын болады. Қазақстанда олардың тұрақтайтын мекені Қостанай өңірі мен көктем айларында қолайлы өлке болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысы.

Арктикалық тундрадағы үш ай мерзімнен кейін қараша қаздар Қазақстанға бағыт алып, қыр­күйек­тің соңына қарай бір айға жуық ай­мақ көлдерінде тұрақтайды. Қазан айының соңына қарай оң­түстік-батысқа Калмыкияға, одан кейін батысқа – Қара теңіз жаға­лауларына қарай қанат қағады. Бір бағытта алты мың шақырымды арт­қа тастайтын, яғни күніне орташа есеппен 400-500, кейбір түрлері 1500 шақырымға дейін ұшатын қара­ша қаздар үшін адамзаттың қам­қорлығы аса қажет.

 

АЛМАТЫ