• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2019

Республикалық байқауда Маңғыстаудан екі мемлекеттік қызметші үздік атанды

261 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының финалдық кезеңі өтті. Маңғыстау облысынан конкурстың облыстық кезеңінде үздік деп танылған 7 әкімшілік мемлекеттік қызметші қатысты.

Республикалық комиссия республиканың әр өңірінен келген 10 мемлекеттік қызметшіні үздік деп таныды. Маңғыстаудың екі әкімшілік мемлекеттік қызметшісі үздіктер қатарынан көрінді.

Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әсел Балманова ауылдық деңгейдегі әкімдерді бағалау бойынша ұсынған жобасы комиссия тарапынан қызығушылық туғызды. Сондай-ақ Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Раушан Кесікбаеваның бұрынғы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселесі бойынша жобасы да үздік жобалардың бірі ретінде танылды.

Өткен жылы да Маңғыстау облысының екі әкімшілік мемлекеттік қызметшісі үздік жиырманың ішінен көрінген болатын.