Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін сағат 9.20-да өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен.
«Жарылыс болған жерде Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», делінген ресми ақпаратта.