«Қалалық клиникалық ауруханаға 11 адам түскен. Оның 6-уы түрлі дене жарақатын алған, қалғандарын дәрігерлер тексеріп жатыр. Олардың арасында аналар мен балалар бар. Басқа мәліметтер қосымша хабарланатын болады», деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Мамырова.
Айта кетейік, бүгін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды.