Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жазды.
Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан» Корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуға болады, делінген хабарламада.
Сонымен бірге, Сәкен Қалқаманов әлеуметтік қордың реквизиттерін жариялады.