Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстардың кесірінен жарақат алған азаматтардың көңілін сұрады.
«Мемлекет басшысы Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендер жатқызылған Шымкент қаласындағы ауруханаға барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайлары туралы баяндалды. Президент төтенше жағдай болған аймақта дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, зардап шеккендерге тезірек жазылып кетулерін тіледі», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасына.