Әлеуметтік желі арқылы тараған Жамбыл облысының тұрғындарына Арыс қаласынан қауіп туындап тұр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Арыс қаласы көрші Түркістан облысының аумағында орналасқан. Екі қала арасындағы автомобиль трассасының ұзындығы 246 км-ді құрайды.
«Қазіргі таңда Whatsapp желісінде Арыс қаласынан төнген қауіп туралы ақпарат тарап жатыр», делінген Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тыныштық сақтауға шақырды.
«Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, Жамбыл облысының аумағындағы атмосфералық ауаны ластаушы заттардың көлемі шекті деңгейде», делінген ақпаратта.