Бүгін Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 1 күндік жалақыны аудару туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаржы Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыстардың салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған.
Еске сала кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы әскери бөлімшеде жарылыс болды. Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.