Президент
•
25 Маусым, 2019
Президент Арыс тұрғындарына көмек көрсетіп жатқан барлық волонтерлерге ризашылық білдірді
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.
«Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдіремін. Зардап шеккендердің жағдайы шынымен де қиын. Мемлекет оларға көмек береді. Қала мен тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіреміз», - деп жазады Президент твиттер парақшасында.