Жоба авторының пікірінше бұл өркенитетті елдер мен ежелгі қалаларда бұрыннан қалыптасқан үрдіс екен. Осындай күрделі музыкалық аспаптың бірі Виктор Пацаев ескерткіші маңындағы «Ақтөбе арбаты» алаңына қойылыпты. Егер пианинода ойнағысы келсе, кім-кімге де жол ашық болып шықты. Осындай өнерлі өрендердің бірі №56 орта мектептің 3-ші сынып оқушысы Айзере Әлмұқанова болып шықты. Оның сүйріктей саусақтары күйсандық пернелерін еркін басады. Оған тосырқай әрі қызыға қараған жүргіншілер қарасыда аз емес.
Бұл пианиноны Ақтөбе қаласының тұрғыны, зейнеткер Дания Нұрышева тарту етті. Бұл аспапты немересу Милана Темірбаева ойнаған екен. Енді әжесі өнерлі немересіне біраз жылдардан бері тірнектеп жинаған зейнетақысына жаңа пианино сатып алып бермек. Сондай-ақ орындықсыз –пианиноның мәні де сәні де келмейді. Бұл ретте өзі де бұл аспапты еркін меңгерген Мирас Назимовтың есімін де ризашылықпен атай аламыз дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева.
Екінші бір пианиноның «Астана» саябағы аумағындағы ашық аспан астынан орын алуына жлба авторы Дина Ниязованың өзі бастамашы болыпты. Ал оның орындығын кәсіпкер Гайк Тертерян жасаттырып берген. Пианиног тілі өнер сүйер бүкіл әлем жұртшылығына ортақ. Оның пернесінен төгілген сырлы саздар мен әсем әуендер адам жанын сергетіп, жылы әсерге бөлейді. Сондықтан да біз осындай айырықша жобаны іске асырғанды жөн көрдік. Мұндағы басты мақсат –өнерлі бүлдіршіндер мен жастар, музыка мамандары мен қала тұрғындары көпшілік алдында өз өнерлерін көрсетіп, өзгелерге рухани нәр сыйласын, әрі ел ішіндегі таланттарды тұрғындар тани түссін деген ой еді деп тоғанады жоба авторы Дина Ниязова.
Ақтөбе