• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Маусым, 2019

Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» клубына ауысты

669 рет
көрсетілді

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет Алматының «Қайрат» футбол клубымен үш жылдық келісімшарт жасасты. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді.
Тараз футбол мектебінің түлегі Еркебұлан футболдағы карьерасын 2017 жылы «Тараз» клубының сапында бастаған. Ол Қазақстан біріншілігінде 15 матч өткізіп, бір гол соққан. Ал 2018 жылы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» клубымен келісімшарт жасасып, наурыз айында алғашқы ойынын өткізді. Арадан бір жыл өткенде Еркебұлан Болгарияның «Левски» клубына жалға ауысып, клубпен бірге қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» клубында 10 нөмірде ойнайды.
Соңғы жаңалықтар