• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Маусым, 2019

Стратегиялық бағдарлау қабілеті зор тұлға

272 рет
көрсетілді

Әлемдік саясат сахнасында Назарбаевтың стратегиялық бағдар­лау қабілетін, өз мемлекетінің мүд­десін бірінші орынға қоя отырып, халық­аралық аренада оны сауатты қорғай білу қасиетін ерекше бағалап, құрмет­тейміз.

Нұрсұлтан Назарбаев – халық­аралық жағдайларды тереңнен сезінетін тұлға. Оның партия басшысынан жалпыұлттық лидер болып қалыптасуы 1990 жылдардың басындағы «дауыл мен қысым» уақытында өтті. Ол Қазақстанды ішкі саяси дамумен қатар, сыртқы саясат дамуында да алға шығара алды.

 Кеңестік өмір тәжірибесі мен зама­н­ауи дамудың болашағы бар басым­дықтарын жете сезіне алу үйлесімділігі Нұрсұлтан Назарбаевтың бірегей сая­си стилін айшықтайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңестік кезеңен қалған тәжірибесі мен өзекті мәселелерді шешу кезіндегі тапқырлығын ерекше атап өтер едім. Владимир Путин айтқандай, ол үнемі жарқын болашаққа ұмтылып тұрады және жанына жас мамандарды ертіп жүреді. Бұл – көшбасшылық қабілет.

 Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттағы биік беделі Қазақ елін бүкіл әлемге танытты. Әлем ха­лықтарын бейбітшілік пен бірлікке үн­дейтін жаһандық бастамалары өз нәтижесін көрсетті. Бұл ретте қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі факторларына айналған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының съезі, Тәуел­сіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы сияқты сыртқы саясаттағы игі жұмыстарды айрықша атар едік. Қоғамның тұрақты дамуындағы, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саяси жаңғыруындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі мен бастамаларының және барша әлемде жаһандық қауіпсіздік пен сенім ахуалын жасақтаудағы күш-жігерінің рөлі үлкен маңызға ие.

 

 Михаил ЛИПКИН,

 Ресей Ғылым академиясы

 Жалпы тарих институтының директоры, РҒА профессоры