• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2019

Арыста көз жұмған үшінші адамның артында әйелі мен баласы қалды

370 рет
көрсетілді

Арыстағы жарылыстан қаза тапқан үшінші адам 32 жастағы әскери қызметкер болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, көз жұмған жігіт Әбдікүл Нұрланұлы Ахметов Арыс қаласының тұрғыны. 1987 жылы туған. Үйленген, баласы бар. 

«Ол сол жердегі әскери бөлімде жұмыс істеген. Жарылыс болған кезде ауыр жарақаттанып, авиациялық медициналық құтқару қызметімен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ес-түссіз жатқан науқасқа жансақтау бөлімінде барлық қажетті сауықтыру шаралары жасалды. Өкінішке орай, ол көз жұмды», деді баспасөз хатшысы Мира Сүйлейменова.

Сондай-ақ басқарманың мәліметінше  қазіргі таңда 74 адам ауруханаларда ем қабылдауда. Олардың 4-еуінің жағдайы  ауыр деп бағалануда. Араларында кішкентай балалар да бар.