Демалыс лагері Имантау-Шалқар курорттық аймағында орналасқан. Көкшетаулық кәсіпкер Қайрат Нұрмұқанов биыл үшінші жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Чайка» лагерін сенімді басқаруға алып келеді. Демалыс орнына қомақты қаржы тартудың арқасында бір маусымда 250 баланы қабылдай алады.
«Қайырымдылықпен айналысу , мұқтаждарға көмектесу – қазақ халқының қанына сіңген қасиет. Біздің отбасымыз үшін де міндет, парыз саналады. Арыстағы оқиғаны шетелде жүріп естідім. Қабырғамызбен ақылдаса келіп, төтенше жағдайдан зардап шеккен балаларға көмектесеміз деп шештік. Жарылысты көрген балақайлар қатты қорқып қалғаны анық, оларға қазір жақсы демалыс керек», дейді кәсіпкердің зайыбы Дина Нұрмұқанова.
Лагерде балаларға бар жағдай жасалмақ. Арнайы бағдарлама ұйымдастырылады. Көлге суға түсіп, Имантау-Шалқар курорттық аймағының әсем табиғатын тамашалай алады. Тарихи-мәдени орындарға экскурсияға шығады. Кәсіпкер бұл мақсат үшін арнайы көлік бөліп отыр.
Мұнда басқа да кәсіпкерлердің жолдама алып, балаларға тегін үлестіріне мүмкіндік тудырылған.