• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2019

Атыраулық еріктілер Арысқа барады

438 рет
көрсетілді

Атыраулық еріктілер Арыстағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, көмектесуге ниетті. Қазақстан халықтары Ассамблеясының кәсіпкерлер Ассоциациясы өткізген жиналыста осындай бастама көтерілді. Мұнайлы аймақтағы бизнес өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, студенттер мен еріктілер ұйымдары Түркістан облысындағы қиын ахуалға жанашырлық танытып, көмек қолдарын созуды ұйғарды.

«Сарайшық» ЖШС-нің бас директоры, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Тамила Розметова: «Арыс қаласының тұрғындарына ел болып қарайласып жатқанымыз – елдігіміздің, бірлігіміздің белгісі. Мұндай сәтте біз де немқұрайлылық танытпай, арыстықтармен бірге екенімізді білдіргіміз келді. Ассамблеяның Атырау облысындағы филиалы, этномәдени бірлестіктер мен кәсіпкерлер, жастар ақшалай-заттай жәрдемдесіп жатыр. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстағы бөлімшесінің өзі қысқа уақыт ішінде бір миллион теңгеден астам қаражат жинады. Жұмыс әлі де жалғасын табады», - дейді.

Айта кетейік, «Жаңғыру жолы» қозғалысы «JAGSYLYQJASA» жобасы аясында Түркістан облысына еріктілер жібереді. Атырау облысында жоба басталған бір күннің өзінде 20-дан астам ерікті Арыс тұрғындарына көмек көрсетуге тілек білдірді.