«Арыстағы жарылыстан зардап шеккен азаматтарға өз қолдауымызды білдіреміз. Қазақстан жастары студенттері сіздермен бірге деп айтқым келеді. Қазақстан студенттерінің альянсы республикалық ұйым болғандықтан, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында штабымыз бар. Арыс қаласында екі колледж орналасқан. Сол жерде 800-ден астам студенттеріміз оқиды. Штаб мүшелері оқиға болған күні бірден көмек көрсетуге кірісіп кетті. Еріктілер тобы құрылды, олар Арыс тұрғындарын басқа жерлерге көшіруге көмектесті. Аймақтағы штабымыз ғана емес, жалпы республика бойынша мүшелеріміз атсалысып жатыр. Мысалы, кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасарының қатысуымен шұғыл жиын өтті. Содан кейін Жастар сарайында Арысқа жөнелтетін гуманитарлық және материалдық көмек орталығы ашылды», дейді Ілияс Түстікбаев.
Оның айтуынша, студенттердің арасында қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар.
«Елорда студенттері мен жастары қан тапсырып жатыр. Қан тапсырған адамға 600 теңге төлейді. Сол ақшаны алып, көмек қорларының ресми есептеріне аударды. Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметкерлері 13 млн теңге аударды және 3 жатаxқанаға 500 адамды орналастырды. Елордадағы бірнеше жоғары оқу орнының қызметкерлері де бір күндік жалақыларын Арысқа көмек ретінде беріп жатыр», дейді ол.
Рауан ҚАЙДАР, «Egemen Qazaqstan»