• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2019

Beeline Арысты тегін байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті

389 рет
көрсетілді

Beeline Қазақстан абонентіне қарасты Арыс қаласының тұрғындары өз мобильді операторының қызметін ай бойы тегін қолдана алады, деп хабарлайды аталмыш ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі.

Компания әр клиенттің теңгеріміне 30 минут пен 5ГБ мобильді интернет аударды, жарамдылық мерзімі 30 күн. Бұл туралы барлық абонентке SMS арқылы ақпарат жіберілді.

«Арыс тұрғындары үшін осы бір қиын сәттерде байланыста болу аса маңызды. Сонымен қатар отандастарының да бейтарап қалмай, оларға қол ұшын созуы аса маңызды. Шымкент пен Түркістандағы Beeline-ның аймақтық кеңсесінің қызметкерлері Арыс тұрғындарына ерікті көмек көрсетуде, ал компанияның басқа кеңселерінде зардап шеккендерге көмек ретінде ақша жиналуда», - деді Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь.

24 маусым күні Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағында оқ-дәрі жарылғанын естеріңізге саламыз. Қаланың барлық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Қаза тапқандар да бар. Зардап шеккен жүздеген жан ауруханаға жатқызылды. Арыс тұрғындары Шымкенттегі және жақын елді мекендердегі эвакуация пункттеріне орналастырылды

АЛМАТЫ