26 маусымда теміржолдар оқ-дәріден тазартылып, жөнделіп, байланыс желісіне кернеу берілген соң, мына учаскелерде: Арыс-Талдықұдық – жұп жол бойынша, Шағыр-Талдықұдық – тақ жол бойынша, Қалаш-Арыс-2 – жұп және тақ жол бойынша, Ақдала-Арыс-2 – жұп жол бойынша қозғалыс ашылды. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқы №369 «Новосибирск-Ташкент» жолаушылар пойызы 26 маусымда Шымкент стансасынан 22 сағат 30 минутта жөнелтілді. Арыс стансасы тек басты жолдармен жүру үшін ашық. Сұрыптау және қабылдап-жөнелту жолдары қозғалыс үшін әлі жабық тұр.
26 маусымнан 27 маусымға қараған түні Арыс стансасы бойынша 23 пойыз өткізілді, оның ішінде 7 жолаушы, 8 контейнерлік, 8 жүк пойызы.
Қазіргі уақытта кестеге пойыздарды енгізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.