• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2019

ЕҰУ-нің The Young University Rankings 2019 рейтингіндегі орны анықталды

994 рет
көрсетілді

Еуразия ұлттық университеті «Times Higher Education Young University Rankings 2019» рейтингі бойынша жас университеттер арасында алғаш рет 251-300 топқа кірді.

Бұл 50 жылдан төмен жас жоғары оқу орындарының әлеуетін бағалайтын рейтинг. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  осы рейтингке енген Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны. Биыл бұл рейтингке әлемнің 60 елінен 351 ЖОО қатысқан. Ал жоғары оқу орындарының жас жағынан  ең көп саны Ұлыбритания, Франция, Австралия және Испания ЖОО-лары болып табылады.

«Times Higher Education Young University Rankings» рейтингтерінде жоғары оқу орындарын бағалау үшін тікелей ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын әлемдік университеттердің рейтингтеріндегі әдістеме қолданылады. Дегенмен, жас университеттердің нақты бағасын көрсету үшін салмақ коэффициенттері қайта іріктелген. Мұнда талапкерлер, ата-аналар, ғалымдар, университеттер мен Үкімет басшылары үшін барынша толық және теңгерімді салыстыруды қамтамасыз ету үшін тиімділіктің 13 көрсеткіші қолданылады.

Тиімділік көрсеткіштері бес бағыт бойынша топтастырылған: оқыту (оқыту ортасы); зерттеу (көлемі, табысы және беделі); дәйексөз (зерттеу әсері); халықаралық қызмет (персонал, студенттер және зерттеулер); институционалдық кіріс (білім беру).

Оқыту (оқыту ортасы): 30%

Бедел сауалнамасы: 10%

Қызметкерлер мен білім алушылардың арақатынасы: 6%

Докторанттар мен бакалаврлардың арақатынасы: 3%

Докторанттар мен академиялық қызметкерлер санының арақатынасы: 8%

Институционалдық кіріс: 3%

Осы санаттағы көрсеткіш басқа университеттер арасындағы зерттеулердегі үздік жетістіктері үшін жоғары оқу орнының беделін бағалау ең маңызды баға болып табылады (академиялық беделін жыл сайынғы зерттеудің  жауаптары негізінде).

Дәйексөз әрбір университет адами тұрғыда алған біліммен бірге қандай үлес қосатынын көрсетуге көмектеседі: олар бізге зерттеулерін басқа ғалымдар бөліп, ұстап, негізге алады және ең маңыздысы, бүкіл әлемнің ғалымдары арасында тарайды деп хабарлайды.

Интернационалдандыру ЖОО-ның шетелдік білім алушыларды тарту мүмкіндіктерімен өлшенеді, бұл оның әлемдік аренадағы жетістігінің кілті болып табылады.

Бұл рейтингте тағы бір маңызды көрсеткіш институционалдық табыс екенін айта кеткен жөн. Ол университеттің инновацияны, өнертабыстарды дамытудағы өнеркәсіппен қарым-қатынас қабілеті. Бүгінгі таңда жоғары оқу орны мен индустрияның тығыз байланысы қазіргі заманғы жаһандық Академияның негізгі миссиясы болып отыр. Бұл санат ол жұмыс істейтін академиялық тұлғаның санын есепке ала отырып, өнеркәсіптен қанша зерттеу табыс алатынын (ПОҚ есебімен) қарап, білім беру бойынша осындай қызметті қамтуға ұмтылады. Сонымен қатар, рейтинг кәсіпорындардың зерттеу үшін қаншалықты ақы төлеуге дайын екендігін және университеттің коммерциялық нарықта қаржыландыруды тарту қабілетін бағалайды, бұл сайып келгенде, институционалдық сапа көрсеткіші екені даусыз.

Қосымша ақпаратты төмендегі сайттан білуге болады: https://www.timeshighereducation.com/world-university-rankings/2019/young-university-rankings