• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 27 Маусым, 2019

Мемлекет басшысы DP World компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

306 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға халықаралық компанияның қатысуы жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті шетелдік инвесторлардың өзара тиімді жұмысы үшін елімізде барлық қажетті жағдай жасалғанын айтты.

– Қазақстанның Ақтау, Құрық теңіз порттарына қатысты инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып жүргеніңізді білеміз. Аталған жобалар жемісті әрі тиімді болады деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Сұлтан Ахмед бин Сулайем Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездескені үшін алғыс айтып, DP World компаниясының жақын арада іске асыру үшін жоспарлаған перспективті инвестициялық жобалары туралы айтты.